Бөгенбай батырдың айбалтасы музейге тапсырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бөгенбай батырдың айбалтасы музейге тапсырылды

28.04.2017

Бөгенбай батырдың айбалтасы мен кісе белдігі әскери-тарихи музейге тапсырылды. «Ақ жол» партиясының қолдауымен көрмеге қойылатын экспонаттар Қарулы күштердің 25 жылдығына тамаша тарту», - дейді мұражай басшылығы. Себебі, мұндай құнды заттар тарихымыздың, ұлтымыздың бет-бейнесін көрсетіп қана қоймай, бабаларымыздың батырлығы мен қайсарлығынан сыр шертеді. Жәдігерлерді осы уақытқа дейін батырдың ұрпағы Фатима Жұмағазықызы сақтап келген.  

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу