Астанада Бөгенбай батырдың рухына тағзым етілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Бөгенбай батырдың рухына тағзым етілді

27.09.2018

Батырлар ерлігі мәңгі ел есінде. Астанада Бөгенбай батырдың рухына тағзым етілді. Еске алу шарасы елордада 2007 жылы ашылған ескеркіштің жанында өтті. Әскери мектептің кадеттері гүл шоқтарын қойып, қазақ халқының ұлы перзентінің рухына дұға бағыштады.

Шараға қала тұрғындары, мектеп оқушылары қатысты. Оларға қазақтың үш жүзінің әскеріне қолбасшылық еткен Бөгенбай батырдың ерлігі жайында ақпарат берілді. Шараның басты мақсаты - қазақтың батырларын естен шығармау, өскелең ұрпақтың бойындағы патриоттық сезімді арттыру.   

Бақытжан ОМАР

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу