Оңтүстік Қазақстан облысында Түркітілдес елдер кеңесінің VII қорытынды отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Қазақстан облысында Түркітілдес елдер кеңесінің VII қорытынды отырысы өтті

24.03.2016
 Оңтүстік Қазақстан облысында Түркітілдес елдер кеңесінің VII қорытынды отырысы өтті

Жиында «Жаңа заманғы Жібек Жолы» бірыңғай туристік өнім бағдарламасын құру жайы талқыланып, оның халықаралық туристік нарықта даму  мәселесі қаралды.

Басқосуда аталған бағдарламаның халықаралық әуе тасымалының құны ескерілген таныстырылымы өтіп, Жібек жолының жүрегі саналатын Оңтүстік Қазақстан облысының туристік әлеуеті жайлы сөз болды. Түркітілдес елдер кеңесі секретариаты тарапынан «Жаңа заманғы Жібек жолы» бірыңғай туристік өнімінің маркетингтік стратегиясының жол картасының тұсаукесері жасалды. 2016 жылғы Түрік кеңесі елдерінің қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында қатысушы мемлекеттерге Түркия Республикасының мәдениет және туризм министрлігі әзірлеген бағдарлама көрсетілді.

Жиын ясында «Экспо-2017» көрмесі кеңесшісінің орынбасары Роза Асанбаева халықаралық «Экспо-2017» көрмесі кезінде пойыз-қонақ үйдің Қазақстан бойынша экскурсиялық турының басталатынын айтты.

Отырыс соңында Түрік кеңесі елдері туроператорларының консорциумын құру туралы меморандумға қол қойылды.

Хабарламаларға жазылу