Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған фестиваль өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған фестиваль өтті

16.03.2017

Бүгін мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Шексіз шығармашылық – 2017» қалалық фестивалі өтті. Онда өнерпаздар хореография, эстрадалық вокал және ишара тілінде ән айту аталымдары бойынша сынға түсті.

Мәдени шара осымен төртінші жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді. Осы уақыт аралығында сайысқа еліміздің қиыр қиырынан 150-ге жуық дарынды азаматтар қатысқан. Бұған қоса фестиваль аясында «Шексіз сұлулық» атты сұлулық сайысы да өткізілді. 

Назым ҚАЙРАТ

Хабарламаларға жазылу