ЕҰУ-де Серік Қирабаев пен Әлия Бейсенованың торқалы мерейтойы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЕҰУ-де Серік Қирабаев пен Әлия Бейсенованың торқалы мерейтойы өтті

31.03.2017

Ғылымға ғашық еткен - 70 жыл. Бүгін Еуразия Ұлттық университетінде ерлі-зайыпты қос ғалым Серік Қирабаев пен Әлия Бейсенованың торқалы мерейтойы өтті. Бірі – 90, екіншісі 85 жасқа толған тау тұлғалар қазақтың білім-ғылым саласында тынбай тер төкті.

Серік Қирабаев соғыстан кейінгі ауыр жылдарда тарих пен ғылымның сахнасына шықты. Төл әдебиеттің тұғырын асқақтатты. 52 жылдан бері жазылған кітаптары сан ұрпақты тәрбиеледі.

Ал, қазақ географиясы мен экология саласының жаңа белестері Әлия Бейсенованың есімімен байланысты. Егде тартқанына қарамастан, ғылым жолындағы ізденісін әлі тоқтатпады. Қазіргі заман талабын ескеріп, үш тілде кітап жазып жатыр.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу