Астанадағы бұршақтан екі адам зардап шекті
Астанада бармақ басындай бұршақ жауып, екі адам зардап шекті. Көліктер де бүлінген.
Кеше кешкі уақытта елордаға үйіріліп келген қара бұлттың арты бұршақ аралас жаңбырға ұласты. Табиғаттың тосын мінезі жұртты біраз әбігерге түсірді. Тұрғындар жаңбыр мен бұршақ жауған сәттің бейнежазбаларын желіде жарыса жариялап жатыр. Көлемі үлкен бұршақ көліктердің терезесін сындырып, тіпті төбесін майыстырып жіберген. Қала көшелері көлкіген суға толып, ұзын-сонар кептеліс пайда болды.
Медициналық көмекке жүгінген 52 жастағы әйел мен алты жасар баланың жағдайы қазір қалыпты. Ауруханаға түскендер жоқ.
Синоптиктер бүгін де еліміздің барлық өңірінде қолайсыз ауа райының сақталатынын айтып, ескерту жасады.
Жандос Темірғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресейде қазақ жастар ұйымының саны артты
13.03.2026, 13:22
Атырауда өрттің алын алуға арналған экологиялық акция өтті
13.03.2026, 13:21
Ақтөбеде амал мерекесі тойланып жатыр
13.03.2026, 13:14
Елімізде «Digital Nauryz» онлайн-платформасы іске қосылады
13.03.2026, 13:11
Былтыр елімізде 190 өндіріс орны іске қосылды
13.03.2026, 13:09
Мәслихат депутаттарының форумы: Қазақстан экономикасы аса ірі 50 елдің қатарында
13.03.2026, 13:07
«Референдум-2026»: Елдің маңызды саяси оқиғасы live форматта көрсетіледі
13.03.2026, 13:04
Жаңа Конституция жобасы - құқықтық мемлекеттің негізі
13.03.2026, 13:02