Өрт кезінде жетінші қабаттан секірмек болған әйелді құтқарушылар аман алып қалды
Астаналық құтқарушылар үйі өртеніп, 7-ші қабаттың терезесінен далаға секірмек болған әйелді құтқарып қалды. Өмірін қатерге тігіп, көзсіз ерлікке барғандардың әрекетін оқиға орнына жиналған тұрғындар видеоға түсіріп алған.
Будақтаған қара түтіннің ортасында қалған әйел балконнан далаға шығып, төменге қарай түсуге мәжбүр болған. Сол сәтте 6-шы қабаттың терезесінен шыққан азаматтық қорғау аға сержанты Қадыр Өмірзақов, оның аяғына жармасып, әріптестерімен берге құтқарып қалады. Өртті сөндіруге ТЖД-нің 12 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды.
Қала тұрғыны:
Өрт кезінде балконнан түсуге тура келді. Басқа амалым болмады. Екінші рет өмірге келгендеймін. Құтқарып қалған азаматтарға алғысым шексіз...
Жандос Темірғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жылы қысқа үйренген жұрт қатал қысқа дайын болмай шықты
12.02.2026, 20:30
Ауа райына байланысты автожолдар жабылды
12.02.2026, 20:23
Алматыда қалың қар жауып, қозғалыс қиындады
12.02.2026, 20:22
Жамбыл облысында қалың қарда кептелген көлік саны 2 мыңға жуықтады
12.02.2026, 20:17
Халық пікірі: Жаңа Конституция - ел дамуының жаңа бағыты
12.02.2026, 20:13
Адвокатура мәртебесі – әділетті қоғам құрудың конституциялық негізі
12.02.2026, 20:12
Жаңа Конституцияның жобасы референдумға шығарылды
12.02.2026, 20:09
Еліміздің жетекші қоғамдық-саяси күштері жалпыұлттық коалицияға бірікті
12.02.2026, 20:06