Астанада «Nova City» тұрғын үй кешеніндегі өрттен бес адам құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Nova City» тұрғын үй кешеніндегі өрттен бес адам құтқарылды

02.03.2018

Астанада «Nova City» тұрғын үй кешенінен өрт шығып, бес адам құтқарылды. Үш бала мен әйелді түскі астан қайтып келе жатқан құрылысшылар аман алып қалған. Олар 9 қабатты үйдің 7-ші қабатындағы пәтерден будақтаған қою көк түтінді көре сала, өз беттерінше әрекет еткен. Кейін оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер тағы бір тұрғынды құтқарып қалды. Кездейсоқ куәгерлердің түсірген видеосында адамдарды төменгі қабаттан қағып алып жатқандығы анық көрінеді.

 

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу