Жылдық табысы 15 млн теңгеден аспайтындар салықтан босатылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жылдық табысы 15 млн теңгеден аспайтындар салықтан босатылады

26.06.2024

Бұған дейін жылына 1 млн теңге табыс тапқандар «жеке кәсіпкер» ретінде тіркелуге міндетті болды. Осылайша, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар табысының бір бөлігін жырып, салық төлейтін. Енді жаңа салық кодексінде бұл заң өзгереді. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар тіпті салықтан да босатылады. Мемлекеттің мұндай қолдауына ие болу үшін табыс көлемі қанша болуы тиіс? Жаңа салық кодексіндегі өзгерістерді әріптесім Самал Қабышева рет-ретімен түсіндіріп береді.

Самал Қабышева, тілші:

Жаңа салық кодексі: 15 млн теңге. Енді жылына осынша табыс тапқандар ғана «жеке кәсіпкер» ретінде тіркеледі. Бұған дейінгі заңда: Ал, бұған дейінгі заңда табысы 1 млн теңгеден асқандардың барлығы «жеке кәсіпкер» ретінде тіркелетін. Енді, мемлекет өзін-өзі жұмыспен қамтып жүргендердің табысы 15 млн теңгеден аспаса «жеке кәсіпкер» ретінде тіркелуге міндеттемейді.

Тіпті салықтан да босатылады. Тек өзінің жеке зейнетақы қорына, әлеуметтік және медициналық сақтандыруға жалпы табысының 4 пайызын ғана төлеуі тиіс.
Бұған дейінгі заңда: Бұған дейінгі заңдағыдай салыққа, одан бөлек зейнетақы қорына тағы 10 пайыз аудару деген болмайды. Жаңа салық кодексі: Ал, мұндай мүмкіндік 33 қызмет түріне беріліп отыр. Оның ішінде такси қызметі бар. Олар арнайы платформа бойынша жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ, мүлкін, яғни пәтерін жалға беретіндер, шаштараз, тырнақ әрлеу, одан бөлек сантехникалық қызмет көрсету түрлері жатады.

Ал, табысы 15 млн теңгеден асқандар «жеке кәсіпкер» ретінде тіркеледі. 15 млн-нан 500 млн теңгеге дейін табыс табатындар 2 пайыз салық төлейді. Қосымша құн салығынан босатылады.
Бұған дейінгі заңда: Ал, бұған дейінгі заңда олар 3 пайыз салық төледі. Табысы 20 мың айлық есептік көрсеткіш көлемінен асса, бұл шамамен 73 млн теңге. Қосымша құн салығын тағы да төлейтін.
Жаңа салық кодексі: Табысы 500 млн-нан – 2 млрд теңгеден асқандар «жеке кәсіпкер» ретінде 10 пайыз, ал заңды тұлға ретінде тіркелсе 20 пайыз салық төлеуге міндетті. Бұл жерде ескерететін жайт. Салық жалпы табыстан емес, таза табыстан төленеді. Яғни, кәсіпкер барлық шығындарын алып тастайды. Оған 12 пайыз қосымша құн салығын төлейді.

Сондай-ақ, енді жаңа салық кодексіне «сән-салтанат» салығы енгізіледі. Мұнда 450 млн теңгеден асатын жылжымайтын мүліктер, қымбат көліктер, яхта, кеме, тіпті қымбат алкогольді ішімдіктер мен табак өнімдері кіреді. Жалпы, елімізде 300-ден астам адам сән-салтанат салығын төлеуге қауқарлы екен. Енді елімізде салық пен міндетті төлемдердің саны 20 пайызға қысқартылмақ. Сондай-ақ, салық 10 жыл бұрынғы көлікке 30 пайыз, 20 жылдық көлікке 50 пайыз арзандайды. Енді, салыққа берешек 20 АЕК жетпесе, яғни, қарыз 73 мың теңге шамасында болса, бірден шоттар бұғатталмайды. Салық органы бірінші кезекте ескерту жібереді. Жаңа салық кодексінің жобасы 5 шілдеге дейін халық талқылауына ұсынылды. Кез-келген қазақстандық ашық порталына кіріп, өз пікірін қалдыра алады.

Самал Қабышева


Хабарламаларға жазылу