Құрық портында көлік-логистикалық орталық іске қосылды
Маңғыстауда Құрық портында көлік-логистикалық орталығы іске қосылды. Енді ауыр жүк көліктері порт аумағына электронды кезекпен кіреді. Цифрландыру арқылы - порттың жұмысы ойтайланып, шетелдік көлік жүргізушілерге де жағдай жасалған. Аягөз Оралбайқызы тарқатып айтады.
Көлік-логистикалық орталық - Құрық портынан 4 шақырым жерде орналасқан. Жүргізушілер порт аумағына кіру үшін осында электронды кезекке тұрып, күтеді. Алыс жолдан келген шетелдіктерге орталықта барлық жағдай қарастырылған.
Мехмед Акте, көлік жүргізуші:
Көп жылдан бері жүк тасымалдаймын. Бұл жолы кытайдың тауарын паром арқылы Грузия еліне жеткіземін. Жүргізушілерге арналған кешен ұнап жатыр. Әзірше осында кезек күтудеміз.
Хамза Ламаев, көлік жүргізуші:
Бұрын бұл жаққа келгенде біз өзіміз анау портта тұрып, кезек алып қиын болатын. Қазір жағдай жақсы болып кетті. Барлығын осы жерде жасайды, электронды кезек, біз демалып, күтеміз.
Бүгінде Қытай мен Орталық Азиядан Еуропаға тасымалданатын жүктердің 80 пайыздан астамы Қазақстан порттары арқылы өтеді. Құрық портына Әзербайжан елінің 15 паромы кезек-кезегімен келеді. Ауа райына байланысты порт күніне 1-ден 5 кемеге дейін қабылдайды. Әр паромға көлеміне қарай 30-40 жүк көлігі тиеледі.
Ердәулет Байтиев, Құрық портының бас диспетчері:
4 км қасымызда жаңа логистік ашылды. Қазір сол ашылғаннан жақсы болды. Машиналар көбісі сол жақта жиналады. Олардың жататын жерлері, сулары бәрі бар. Электронды кезек өздері сол жақтан қояды бізге почтамен жібереді. Біраз жеңілдеді жұмыстарымыз.
Көлік-логистикалық орталық – инвестициялық жоба. Құны – 950 млн теңге. Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында, құзырлы органдардың сүйемелдеуімен жүзеге асқан.
Сержан Аманқұл, Қарақия ауданының прокуроры:
Каспианюнион басшылары Құрық портпен араларындағы мәселе ұзақ уақыттан шешілмегендіктен бізге шағым түсірді. Біздің араласуымызбен екі жақтың мәселесі шешілді. Яғни Құрық портында кедергі болмайды ешқандай, кептеліс те болмайды. Барлығы электронды түрде жүргізіліп жатыр.
Құрық порты арқылы жыл басынан бері 1 млн 500 мың тоннаға жуық жүк тасымалданған. Оның 1 млн тоннаға жуығы вагондар, қалғаны автокөліктер.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
