Басты Жаңалықтар «Қалбатау-Майқапшағай» тас жолы ашылды

«Қалбатау-Майқапшағай» тас жолы ашылды

Бүгін Республикалық маңызы бар «Қалбатау–Майқапшағай» тас жолы салтанатты түрде ашылды. Бұл Қытай мен көршілес Ресейді байланыстыратын транзиттік  дәліз. Оған қоса Абай облысы мен Шығыс Қазақстанның бірнеше ауданын орталықпен жалғайды. Ондағы жаңғырту жұмыстары жеті жыл бұрын басталып, ұзаққа созылды. Енді көптен күттірген күре жол ел игілігіне берілді.

Халықаралық логистикалық дәліздің 184 шақырымы Абай облысы арқылы өтеді. Жол бойында Жарма, Көкпекті, Ақсуат аудандары жатыр. Күре жолдағы күрделі жөндеу кезінде жергілікті халыққа қатынас ауырлап, жылдап бейнет көрген.

Берік Уәли, облыс әкімі:

Тек облыстық қатынасты ғана емес, халықаралық транзитті қамтамасыз ететін стратегиялық дәліз. Мұның осы Республика күні, еліміздің басты мерекесі қарсаңында пайдалануға беріліп отырғаны облыс жұртшылығы үшін өте маңызды мереке.

Тас жол  аймақтың экономикалық тұрғыдан дамуына, туристік ағынның артуына, өңіраралық байланысты жақсартуда өте маңызды.

Қайта жаңғырту ұзындығы 415 шақырым болатын 10 учаскені қамтыды.

Дархан Иманашев, «Қазавтожол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы:

2019 жылдан бері бұл жоба іске асыру басталды. Әрине, ол уақытқа ковид уақыты келді. Тас мәселесі, битум мәселесі шешілмеген себебімен осы жоба біраз созылып кетті. Былтырғы жылдан бері Президент тапсырмасына сәйкес барлық сұрақтар шешілді.

Жобаны іске асыру Қытайдың Экспорттық-импорттық банкінің қаражаты есебінен және республикалық бюджеттен қаржыландыру арқылы жүзеге асырылды. Құрылыс сапасын «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» жіті бақылап отырған.

Мейіржан Бауыржанұлы, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» филиалының директоры:

Құрылыс материалдары іріктеп алынып, лабараториялық сынақтан өткізілді. Жол белгілері, жолдың тегістігін тексеріп жатырмыз.

Тас жол аймақтың экономикалық тұрғыдан дамуына, туристік ағынның артуына, өңіраралық байланысты жақсартуда өте маңызды. Жол бойында демалыс алаңдары, көпірлер мен өткелдер де салынды.


Бөлісу