Қарақалпақстанда сәбилер мінген көлік апатқа ұшырады
Қарақалпақстанда сәбилер мінген көлік апатқа ұшырады. Абырой болғанда кішкентайлардың барлығы дін аман. Балабақша жасындағы 10 баланы отырғызып алған жеңіл көлік жолда келе жатқанда аударылып кеткен. Салдарынан 3 және 6 жастағы екі сәби мен жүргізуші ауруханаға түсті. Оқыс оқиға Нөкіс қаласында болды. Қазір мән жайды ішкі істер министрлігі анықтауға кіріскен. Ал прокуратура өкілдерінің хабарлауынша, бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеп- тексеру басталды. Сәбилерді тасымалдауда өрескел заңбұзушылыққа жол берген жағдай биылғы сәуір айында да тіркелген. Қашқадария облысында жеңіл көліктің бір мезетте 25 баланы тасымалдағаны анықталды. Жүргізушіге айыппұл салынып, көлік айып тұрағына қойылған еді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Таяу Шығыстағы шиеленіс мұнай бағасына қалай әсер етті?
05.04.2026, 19:48
37 сарбаз әскерден оралды
04.04.2026, 20:16
Азия чемпионаты: Боксшыларымыз бас жүлдеден үмітті
04.04.2026, 20:14
Кәрім Меңдіханов келер маусымда «Барселона» сапында ойнауы мүмкін
04.04.2026, 20:11
Қазақы тазы саны төрт мыңнан асты
04.04.2026, 20:08
Үкімет Қожа Ахмет Ясауи мұрасын насихаттау жөніндегі жоспарды бекітті
04.04.2026, 20:08
Жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы аяқталды
04.04.2026, 20:07
СҚО-да 37 мың адам сенбілікке шықты
04.04.2026, 20:05