Парламент Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов өткен демалыс күндері әлеуметтік желіде былай деп жазып, елең еткен едік:
Бюджеттен онкологиялық ауруларды емдеуге бөлінетін қаражат денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен орта есеппен 20%-ға қысқартылды. Бұл құжат жеткілікті талқылаусыз, жабық форматта қабылданды...
Бұл шешім қанша адамның өмірі мен тағдырына әсер етеді?.. Шенеуніктердің үстірт мәліметтерінен басқа қандай ғылыми негіз бар? Неліктен мұндай маңызды шешімдер жан-жақты зерттеусіз бір қаламның ұшымен қабылданады? Сұрақ өте көп.
Онкологиямен болашақта ауырмайтынына ешкім кепілдік бере алмайды. Сондықтан бұл бәрімізге ортақ маңызды мәселе. Бұл салада ежелден проблемалар көп. Бірақ соңғы жылдары тек үміт қана емес, нақты оң өзгерістер де пайда болғанын айтып өткеніміз жөн.
Президент Қ.Тоқаевтың тікелей тапсырмасы мен қолдауының арқасында онкологияны емдеуді қаржыландыру ұлғайтылып еді, онко-клиникалар созылмалы кредиторлық берешектен шыға бастап, өткен жылы тіпті Үкімет онкология бойынша кешенді жоспарды бекітті, таргеттік препараттар тізімі кеңейтілді, заманауи жабдықтар да сатып алына басталып еді...
Осылай дамып келе жатқанда, министрлік ақылға қонымсыз шешімдер қабылдауда,- деп жазды, А.Аймағамбетов.
Сөйтіп осыған орай дүйсенбіде министрлік өкілдерін шақырып, Комитет отырысында талқылайтындарын хабарлаған. Отырыс өтті. Денсаулық сақтау министрлігінің уәжі қандай? 2. Қаржыландыру қысқара ма, жоқ, қала ма? Елдос Есенбол талдайды.
Дүйсенбідегі даудың басы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығынан шықты. Жауаптылар онкологиялық сырқаттарды қаржыландыруды 20 пайызға шорт кесетінін айтқан. Бұған себеп тексеріс нәтижесінде 18 миллиард теңгенің мақсатсыз жұмсалғаны деп түсіндірді министрлік. 4 медициналық мекеме басшылығына сөгіс жарияланып, жергілікті билікке 2 бас дәрігерді орнынан босату туралы ұсыныс берілген.
Жақсылық Досқалиев, Медицина ғылымдарының докторы, профессор:
Мысалы маңызы жоқ конференция не керек. Одан аурулар айығып кетпейді ғой. Маңызы жоқ жеке командировкаға бару не керек. +07:19 Ешкім де айтпайды конференцияға барма деп. Бірақ маңызы жоғары конференция болуы керек. Командировка болғанда пайда әкелетін елді-мекендерге барып көмек беру деген сияқты командировка болуы керек.
Асхат Аймағамбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің Депутаты:
Бірнеше жүйеде біздің онкоклиникалар, басқа бәлністер олар бір-бірімен интеграцияланбаған. Соған байланысты ақпаратты қолмен енгізеді. Қаражаттың тиімділігін дәлелдеу мынау бөліп жатқан ауылдағы азаматтарымызға, ауырып жатқан жетіп жатыр ма деп дәлелдеу өте қиын. Иә қаражат үнемдеу керек пе, әрине үнемдейік. Бірақ ол аурулардың есебінен болмау керек.
Елдос Есенбол, Тілші:
Соңғы 4 жылда онкологияға бөлінетін қаражат 3,6 есеге артқан. Мысалы, 2020 жылы 42 млрд теңге болса, былтыр 153 млрд теңгеге жеткен. Бірақ биыл сырқаттың өсу деңгейі 7,1% құрады. 2024 жылдың 4 айында онкология тағы 13 278 адамда анықталып, осы кезеңде 4060 адам аурудан қайтыс болды. Қаражат көбейген сайын, дерт жалмағандардың қатары артқандай ма?
Сабыржан Нұржанов, Емделуші:
Ақпан айында ғана чекаптан шығып олар байқамай қалған сонда мінекей февраль, март, апрель, май төрт айдан кейін төртінші стадия қойып отыр.Ол төрт айдың ішінде төртінші стадияға адам жетуі мүмкін емес.
Шолпан Болатова, Онколог-Гинеколог:
Чекапқа баратын пациенттер анализдерді тапсыру мүмкін бірақ қатерлі ісік анализдер ең басты кезеңде ештеңе көрсетпейді. Анализдер таза болады. Ол үшін углубленнный обследование өтуі керек.ФГДС, колоноскопия, КТ, МРТ дегендей...
Елдос Есенбол, Тілші:
Ал ондай терең тексерісті онкоскрининг аясында өтуге болады. Бірақ бұл қызмет МӘМС аясында жүзеге асады. Яғни 3 миллионнан астам сақтандырылмаған азаматтың бұған қолы жетпейді. Салдарынан дерті меңдегенде барып анықталып, мемлекет тарапынан емді бастайды. Яғни бюджет шығыны да еселене береді.
Әділхазы Тұрсын, №11 Астана қалалық емханасының онкологы:
Астана қаласындағы онкологиялық структураға келетін болсақ бүкіл қалалық емханалар тек қана бір организацияға жібереді. +03:08 көпсалалы медициналық орталыққа жібереміз. Ал орталық Астанада тек біреу. Бүкіл қалалық поликлиникалардан қабылдайтын. Сол себепті де бұл медициналық ұйымға көп нагрузка болады.
Раушан Әубәкірова, Медицина маманы:
Кәдімгі емханаға келеді. Қан мен зәрді алу үшін кәдімгі направление алу керек. Ол бір. Ол жолдамаларды алғаннан кейін общий очередьте отырып әрең дегенде отырады, күтеді. Оның қасында қызы, баласы, жолдасы болса жақсы. Болмаса ше? Ондай науқастар да бар. Туған-туысқандары да жоқ можно сказать умирают.
Онкологияны анықтағаннан кейін де бірден ем басталмауы мүмкін. Раушанның әкесі онкологиялық сырқатқа шалдыққан. Қатерлік ісікті анықтағанмен дәрігерлер дөп басып диагноз қоя алмаған. Салдарынан дерт меңдеген әкесін ауруханаға да алмай қойған.
Раушан Әубәкірова, Медицина маманы:
Олар айтады біз компьютерге не деп жазамыз. Қандай код жазамыз. Мында адам уже төртінші стадиямен ауырып тұр. Ал олар айтады біз оны ала алмаймыз. Білмейміз қандай код жазатынын. Өкпе ме, ішек пе...
Өзінің медициналық білімі болғасын ол әкесінің анализдерін алып Ресейге барады. Ондағы дәрігерлер үш айдан соң диагнозын қойып, иммунотерапия қабылдау керек деп бекітеді.
Раушан Әубәкірова, Медицина маманы:
Біздің мамандарға келсем дайын диагноз, дайын анализ, дайын ем олар маған қарамайды, оны оқымайды. «Жоқ біз химия жасаймыз.» Неліктен десем «Бұл иммуно қымбат»
Елдос Есенбол, Тілші:
Дәл осы тұста онкологиялық ауруларға арналған дәрілер мәселесі шығады. Бұрын таргеттік препараттар үшін 1,5 миллиард теңге жұмсалса, қазір бұл сомма 60 миллиардқа дейін артқан. Сәйкесінше препараттар саны төрттен отыз бірге дейін көбейген. Бірақ тегін дәрі де оңайлықпен келмейді дейді науқастар.
Сабыржан Нұржанов, Емделуші:
Мен енді ойлап отырғанмын не сатып, не қоямын енді. +Бір дәрінің құны 1 миллион 400 теңге. Екінші дәрі 400 мың теңге.Бұл бір курс. Оны 21 күн сайын қабылдауым керек. Он алты курс қабылдап отырмын. Оның он бір курсын өзім сатып алып отырмын. Бес курсын мемлекет сатып алып берді. Мен ол емді осы жылдың аяғына дейін алуым керек.
Раушан Әубәкірова, Медицина маманы:
Біздің мемлекет химиятерапияға, иммунотерапияға керек жақсы дәрілерді алады. Жартысы оның оригиналдар болса, жартысы дженериктер.Бұл оригиналға ұқсас бірақ побочный эффектілері жаман. Оған сенімсіз уже адамдар.
Елдос Есенбол, Тілші:
Тағы бір маңызды мәселе медициналық жабдықтар жайы. Маммографтардың 40, эндоскоптардың 48 пайызы тозған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ережесіне сәйкес 1 миллион азаматқа 1 ПЭТ аппараты болуы керек. Қазақстанда 7 орталықта 12 аппарат бар екен. Яғни тиісті нормадан 2 есе аз.
Әділхазы Тұрсын, №11 Астана қалалық емханасының онкологы:
Астананың өзіне келетін болсақ ПЭТ аппараты екі-ақ организацияда бар. Метастаз берген жағдайда ПЭТ всего тело деген бар. Пациенттер екі ай, үш ай алға жазылады.
Елдос Есенбол, Тілші:
Байқағандарыңыздай мемлекет тарапынан миллиардтап қаражат бөлінсе де диагнозын таба алмай шет елден дауа іздегендер бар. Қымбат дәріге қолы жетпей басындағы баспанасын сатқандар бар. Сау адамға қатерлі ісік диагнозы қойылып үреймен өмір сүрген жандар да бар. Қаражатты ақша дұрыс жұмсалмаған деп қиып отыр. Кешіріңіз,оған ауру жандардың қандай қатысы бар? Апта басындағы резонанстан соң Денсаулық сақтау министрлігі жыл соңына дейін бұл шешімнің әлі де талқыланатынын айтқан. Анық-қанығын білмекке жауапты ведомстваға өз сұрағымызды жазып хат жолдағанмен жауап ала алмадық.
Елдос Есенбол