Басты Жаңалықтар Түркістан облысының Абай ауылында жаңа мектеп ашылды

Түркістан облысының Абай ауылында жаңа мектеп ашылды

Түркістан облысының Абай ауылында «Келешек мектептері» жобасы аясында 600 орындық мектеп пайдалануға берілді. Үш қабатты ғимарат оқушыға қажетті барлық заманауи құралдармен жабдықталған. Кең мәжіліс залы, заманауи шеберханалар, кітапхана, асхана мен спорт залы, би алаңы бар. Сондай-ақ медициналық кабинеттер мен бейнебақылау жүйелері қарастырылған. Жаңа мектепті аралап көрген ата-аналар мен оқушылардың қуанышында шек жоқ. «Келешек мектептерінде» білім беру сапасы ғана емес, оқушының шығармашылық әлеуетін ашуға, цифрлық сауаттылығын арттыруға, қауіпсіз және ыңғайлы орта қалыптастыруға баса мән берілген деді мамандар. Орын тапшылығы мәселесі де шешіілген.

Айта кетейік, республика көлемінде «Келешек мектептері» жобасы аясында салынатын 217 мектептің 29-ы Түркістан облысында бой көтерді. 

Шералы Сәрсенұлы, Абай ауылының тұрғыны:

Президентіміз осы жастар үшін барлық жағдайды жасап жатыр. Мынау келешек ұрпақ сол жастарға қарап, бой түзейді. Еліміз тыныш, халқымыз аман болып, жастар отансүйгіш болып өсе берсін!


Бөлісу