Нью-Йорк қаласының мэрі болып 34 жастағы азамат сайланды
Әлемнің ең ірі қаржы орталығы – Нью-Йорк қаласының мэрі болып 34 жастағы Зохран Мамдани сайланды. Ол қала тарихындағы алғашқы мұсылман мэр ғана емес, соңғы жүз жылдағы ең жас әкім және Африкада туған алғашқы қала басшысы атанды. Мамдани 1991 жылы Угандада туып, ата-анасымен бірге жеті жасында Америкаға көшіп келген. Алдын ала сайлау нәтижесі бойынша Мамдани бір миллионнан аса дауыс жинап, жалпы дауыстардың 50,4 пайызын иеленді. Осылайша бәсекелестері бұрынғы губернатор Эндрю Куомо мен республикашыл Кертис Сливаны айқын басымдықпен жеңді. Мамдани сайлауалды бағдарламасында халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге екпін берген. Шаһардың жаңа мэрі қызметіне 2026 жылдың 1 қаңтарында кіріседі.
Зохран Мамдани, Нью-Йорк қаласының жаңадан сайланған мэрі:
Осы кезге дейін Нью-Йорктың қарапайым еңбек адамдарына байлар мен беделділер билік олардың қолында емес деп сендіріп келді. Қоймада жәшік көтеруден көгерген саусақтар, тапсырыс жеткізуші велосипедтерінің тұтқасынан қатайған алақандар билікті ұстауға ешқашан мүмкіндік алмаған қолдар еді. Бірақ соңғы он екі ай ішінде сіздер әлдеқайда ұлы нәрсеге ұмтылуға батылдық таныттыңыздар. Бүгін түнде барлық кедергілерге қарамастан біз оған қол жеткіздік. Болашақ біздің қолымызда. Достарым, біз қалыптасқан қасаң саяси әулетті құлаттық.
Автор
Жалғас Сәдібекұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Әділет» партиясы кандидаттардың партиялық тізімін тіркеу үшін ОСК-ға құжат тапсырды
14.07.2026, 08:18
Табиғат жанашырлары бұлақ көзін тазартты
13.07.2026, 20:57
Жер учаскесіне мемлекеттік акт енді тек онлайн рәсімделеді
13.07.2026, 20:55
Өңдеу өнеркәсібін дамыту мүмкіндіктері талқыланды
13.07.2026, 20:39
ӘЧ – 2026: Аргентина жартылай финалда
13.07.2026, 20:37
Петропавл қаласының құрылғанына 274 жыл толды
13.07.2026, 20:18
Райымбек ауданының 90 жылдығы тойланды
13.07.2026, 20:17
Халықаралық этнофестивальге 50 мыңға жуық адам келді
13.07.2026, 20:13