Шығыстағы Күршім ауданындағы шаруалар тамшылатып суару әдісін кеңінен қолдана бастады. Бұл жері сортаң өңір үшін ең тиімді тәсіл. Ал мал азығын молынан даярлайтын ірі шаруашылықтар жаңбырлатып суаратын қондырғыларды орната бастады. Нәтижесінде аймақта егістік көлемі бірнеше есеге артты.
Марат Шүпенов 2000-жыдардан бастап көкеністің көп түрін егеді. Бастапқыда 1-2 гектарға ғана өсірген. Себебі су тапшы. Ал соңғы жылдары біртіндеп алқаптың көлемін арттырып келеді. Қазір 10 гектарға жуықтаған. 2016-жылдан бері тамшылатып суару тәсіліне көшті.
Марат Шүпенов, Кәсіпкер:
Оның ең бірінші пайдасы суды үнемдеу. Албаты артық су жан-жаққа кетпейді. Әр дәннің өзінің дәнің түбені барады да тура орнында 20 сантиметр сайын сол жерге барып түседі.
Шаруалар кей жылдары маусым мен шілденің шіліңгір ыстығында судан тапшылық көреді. Сондықтан сәуірдің соңы мен мамырдың басында су жүретін арықтарды реттеп үлгеру керек. Ал жұмыс іздеген ауыл тұрығындары алқапқа келіп ақша табады.
Ғалия Баженова, Күршім ауылының тұрғыны:
Жылда саламыз. Жылда нәтижесі жақсы. Еңбегімізді күнде алып тұрамыз. Нәтижесін 2-3 айдан кейін нәтижесін көреміз. Жерді жақсы көру керек.
Жерді жақсы көретін шаруалар шілдеден бастап өнімді жинап, еш делдалсыз өздері саудалайды. Ірі шаруашылықты басқаратын-Арғынбек Қабдуллин жаңбырлатып суратын қондырғыны облыста алғашқы болып орнатты. Спутник арқылы басқарылатын құрылғының арқасында бұрын құрғап қалған жердің тамырына су жүгірді. Нәтижесінде малға жем-шөпті сатып алмайды.
Арғынбек Қабдуллин, Шаруа қожалығының жетекшісі:
Суды үнемдеу. Екі рет шауып аламыз. Сексен екі гектардан кем дегенде мың руллон аламыз. Ол мың руллотн дегенміз 250 тонна.Тиімділігі сонда. Судың жағасына көшпелі генератор қойылады. Сол арқылы тоқтың бәрін, содан аламыз.
Жалпы Күршім ауданында 22 мың гектарға жуық егіс алқабы бар. Оның 90 пайызы суармалы. Сондықтан шаруалар әр тамшы суды үнемдеп пайдалануға тырысады. Ал үнемшілдік табысқа бастайды.
Олжас Керейхан