Ташкенттің ауа сапасы нашарлады
Көршілес Өзбекстанда экологиялық ахуал әлі де күрделі. Атмосферада зиянды заттар мен улы газдардың шектен тыс көбеюіне байланысты тыныс жолдарының түрлі сырқаттары өршуі мүмкін.
Билік осылай деп дабыл қағуда. Денсаулық сақтау министрлігіне ауруханалардың науқастар ағынына сақадай сай болуын қамтамасыз ету тапсырылды. Сондай-ақ ведомство өкілдері тұрғындарға ресми хабарлама жолдады. Онда ашық ауада және адам көп жиналатын жерлерде қорғаныс маскаларын тағу қажеттігі айтылған. Осы тұста бетпердеге сұраныс та күрт артып отыр. Ал дәріханаларда респираторлық маскалар тапшы.
Хонзода Носирова, дәрігер - аллерголог:
Ауаның ластануы мен жедел респираторлық вирустық инфекциялардың күшеюіне байланысты тұрғындардың сыртқа мейлінше көп шықпауы қажеттігін ескертеміз. Егер тамақтың қышуы, көзден жас ағуы мен мұрын бітелуі секілді белгілер байқалса жедел түрде дәрігерге көрінген абзал.
Автор
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан түркі мемлекеттеріне ортақ Цифрлық кодекс әзірлеуді ұсынды
25.10.2026, 20:00
Қосымша білім беру орталықтарының жұмысын жүйелеу қажет
25.10.2026, 20:00
Әскери реформада не өзгереді?
25.10.2026, 20:00
Жеті жылдағы жетістіктер: Президент ел дамуының негізгі көрсеткіштерін атады
25.10.2026, 20:00
«Таза Қазақстан»: Екі жылда не өзгерді?
25.10.2026, 20:00
Білім, еңбек, ізденіс: Ел дамуына үлес қосып жүрген мамандар
25.10.2026, 20:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
25.10.2026, 12:05
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54