Бельгиялықтар қатаң үнемдеу шараларына қарсы ереуілге шықты
Бельгияда мемлекеттік қызметкерлер үкіметтің қатаң үнемдеу шараларына қарсы шеруге шықты. Ереуілді елдің бірнеше қаласында жергілікті кәсіподақ ұйымы ұйымдастырған. Еуропалық парламент жақында бюджетті қатаң үнемдеу ережесін бекіткен болатын. Шерушілер 30 млрд еуроны үнемдеу үшін әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау салаларында қысқарту жүргізуге қарсы. Бұл - ауруханалар, білім ордалары мен коммуналдық қызмет үшін қатты соққы болады, дейді мемлекеттік қызметкерлер.
Карлос Понтиго, кәсіподақ ұйымының мүшесі:
30 млрд еуроны үнемдеу үшін биліктегілер зейнетақыны, жәрдемақыны қысқартпақ. Біз оған қарсымыз. Мемлекеттік шығынды азайтқысы келсе, 1 млн еуродан артық кірісі бар байларға салықты көбейтсін.
Клодье Стилавати, мемлекеттік қызметкер:
Біз онсызда ең төменгі жалақы алатын сала қызметкерлеріміз. Егер, біздің бюджетті тағы қысқартып, салықты көбейтетін болса, қалай күн көреміз? Бұған жол бермеу керек.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық өнердің ұстаханасы жаңартылады
27.07.2026, 20:58
Тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыттың құрылысы басталды
27.07.2026, 20:56
Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
27.07.2026, 20:06
«Болашақ ойындары – 2026»: Халықаралық командалар Астанаға жинала бастады
27.07.2026, 20:04
БҚО-да 116 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталды
27.07.2026, 20:04
Тоқтар Әубәкіров – 80 жаста
27.07.2026, 20:03
«Таза Қазақстан» акциясы аясында табиғи аумақтар тазартылды
27.07.2026, 20:02
Маңғыстаудың жартас мешіттері Дүниежүзілік мұралар тізіміне қосылды
27.07.2026, 20:01