Басты Жаңалықтар Жапонияда Азия ойындарының ашылу рәсіміне дайындық аяқталып қалды

Жапонияда Азия ойындарының ашылу рәсіміне дайындық аяқталып қалды

Жапонияның Нагоя қаласында Азия ойындарына әзірлік аяқталып келеді. Жарыс өтетін қалаға қазір тайфуннен қауіп төніп тұр. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қандай сақтық шаралары қабылданып жатыр? Тақырыпты Арыстан Рысбек жалғастырады.

Бес жыл бұрын ковид дағдарысы өршіп тұрғанда Жазғы Олимпиаданы қабылдаған Жапонияда Азия ойындары қарсаңында  тағы да маза жоқ.  Соңғы кездері түн ұйқыны төртке бөлген негізгі проблемалар – ауа-райының қолайсыздығы мен қаржы үнемдеу.

Қазір айтулы спорттық шара өтетін Нагояда  турнирлердің ашылу салтанатына ғана емес – тайфунға да әзірлік қызу жүріп жатыр. Бірақ үміт жоқ емес.

Юна Хаяши, Миэ перфектурасының тұрғыны:

Токио Олимпиадасы ковидтің салдарынан көрерменсіз өтті. Меніңше, сол кезде спортшылар жалғыздықты сезінді. Бұл жолы стадионға кіруге рұқсат бар. Адам көп жиналып, тамаша оқиғаға куә боламыз деп сенемін.

2026 жылғы Азия ойындары қыркүйектің 19-да да ашылады. Болжамдарға қарағанда, Аичи-Нагоя жағалауына тайфун қыркүйектің 21-де соққы беруі мүмкін. Сондықтан турнирлер өтетін ауданда сақтық шараларына айрықша мән беріліп отыр. Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 10 мыңдай полицей тартылады.

Ичиро Хиросава, Нагоя қаласының мэрі және «АйТи-Нагоя» Азия ойындарының вице-президенті:

Жапонияда көрермендердің қатысуымен ауқымды жарыс өткізілмегелі көп болды. Сондықтан алдағы турнирлерге жұртшылықтың назары ерекше. Меніңше, мұндай шараны ұйымдастырудың өзі зор маңызға ие.

Жапон үкіметі «спортшылар ауылын» салудан бас тартты. Сондықтан 17 мың атлет пен жаттықтырушылар және ресми өкілдер бір круиздік кеме мен теңіз контейнерлеріне, отельдерге орналастырылмақ. Бірақ осы шешім үшін сынға ұшыраған үкімет ойындардан кейін бәрібір босап қалатын спортшылар ауылы үшін артық шығындалмауды жөн көргенін айтады.


Бөлісу