Түркістан облысында жұмыспен қамтуға бөлінген қаржы жымқырылған
Түркістан облысының «Еңбек мобильділігі орталығы» қызметінде жүйелі түрде заңбұзушылықтарға жол беріліп келген. Мәселен, «Қоғамдық жұмыс» мемлекеттік бағдарламасына іс жүзінде қатыспаған 122 адамға заңсыз жалақы аударылып, 31 млн теңгеден астам бюджет қаражаты жымқырылған. Прокурорлардың мәліметінше, орталық қызметінде 4 млрд теңгеге қаржылық құйтырқы фактілері тіркелген. Негізсіз талап қою арқылы 760 кәсіпкердің құқықтары шектелген. Ал «Жастар практикасы» және «Ақылы қоғамдық жұмыс» бағдарламаларының 4 мыңнан астам қатысушысына міндетті медициналық сақтандыру үшін бөлінген 11,6 млн теңге төленбеген.
Болат Жұмағалиев, Түркістан облыстық Прокуратурасының басқарма бастығы:
Мысалы тек қысқа мерзімді оқытудан 50 адам өтті. Бірақ бірде бірі тұрақты жұмысқа кірмеген бүгінгі күнге дейін. Мұндай фактілер көп. Бүгінгі күні бұл фактілер бойынша біз 4 прокурорлық акті енгіздік. Барлығы қарау сатысында.
Айнұр Әбілқасымқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Дауыл салдары: Көлік шығынын кім өтейді?
17.06.2026, 20:18
Орманды өрттен сақтау– ортақ міндет
17.06.2026, 20:16
«Балаларды қауіптен сақтаңыз!» акциясы басталды
17.06.2026, 20:16
Елімізде судағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді
17.06.2026, 20:14
АҚШ пен Иран атысты тоқтату туралы келісімге ресми түрде қол қояды
17.06.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына шолу
17.06.2026, 20:12
Мемлекеттік грантты өтемегендерге қатысты 247 іс сотта қаралып жатыр
17.06.2026, 20:12
Өңірде ауыл шаруашылығы өнімін өңдейтін бірнеше өндіріс орны бар
17.06.2026, 20:10