Атырау облысында 500 млн теңгеге жуық бюджет қаражаты ұрланды
Атырау облысында әлеуметтік нысандардың құрылысына бөлінген 500 млн теңгеге жуық бюджет ақшасы ұрланды. Қаржылық мониторинг агенттігінің өңірдегі департаменті құрылыс басқармасындағы лауазымды тұлғалар мен серіктестік иесіне қатысты тергеуді аяқтап, сотқа жолдады. Істе анықталғандай олар мектеп пен 2 отбасылық дәрігерлік амбулаторияның және спорттық-сауықтыру кешенді салуға бөлінген аса ірі мөлшердегі қазына қаржысын қалтаға басқан. Көлеңкелі жолмен жымқырылған қаржы көлемі 467 млн теңге.
Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:
ЖШС-ның басшысына қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды. Серіктекстіктің 79 млн теңге көлеміндегі мүлкіне тыйым салынды. Ал, Атырау облысы Құрылыс басқармасы басшысының бұрынғы орынбасарына және де тағы да бір тапсырысшыға қатысты «үйқамақта ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды.
Жандос Темірғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте «Таза Қазақстан – ортақ үйіміз» дөңгелек үстелі өтті
05.03.2026, 17:37
Шалқар ауданында екі спорт кешені ашылды
05.03.2026, 17:36
Skills Enbek: 27 мың адам онлайн курстан өтті
05.03.2026, 17:34
Ауыл шаруашылық өнімдерінің экспорты $7 миллиардқа жетті
05.03.2026, 17:33
Шаруалар жерді өңдегені үшін қаржы ала алады
05.03.2026, 17:31
Конституциялық жоба – әділетті қоғамның негізі
05.03.2026, 17:29
Т.Минуллина: Саяси реформалар инвесторларды құлшындырады
05.03.2026, 17:24
К.Кильюнен: Адам мүддесі алдыңғы орынға шыққаны маңызды
05.03.2026, 17:21