Паралимпиадалық боччадан ел чемпионаты басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Паралимпиадалық боччадан ел чемпионаты басталды

27.05.2024

Астанада паралимпиадалық боччадан Қазақстан чемпионаты басталды. Ашылу рәсіміне Парламент Сенатының төрағасы, Қазақстан бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев пен Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев қатысты. Бұл жолғы жарыста жекелей сыннан бөлек алғаш рет командалық және жұптық сайыстар болады. 12 өңірден келген 90-ға жуық спортшы бақ сынайды. Үздік нәтиже көрсеткен спортшылар ұлттық құрамаға іріктеліп, қарашада Бахрейнде өтетін әлем чемпионатына қатысады.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Спортшыларымыздың кәсіби деңгейі өсіп, шеберліктері шыңдалып келеді. Аз уақыттың ішінде бұл спорттан жарық жұлдыздарымыздың шыққанына және әр жарыс сайын қатысушылардың қатары көбейіп келе жатқанына қуаныштымын. Біз баршаңызды мақтан тұтамыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстанда инклюзияны дамытуға үнемі баса мән беріп келеді. Біздің жетістіктеріміз – осындай қолдаудың және үлкен команданың бірлескен жұмысының нәтижесі. 


Хабарламаларға жазылу