Польшада боччадан өтетін халықаралық жарысқа қазақстандық 6 спортшы қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Польшада боччадан өтетін халықаралық жарысқа қазақстандық 6 спортшы қатысады

07.08.2023

Польшада боччадан өтетін халықаралық жарысқа қазақстандық 6 спортшы қатысады. Бұл шара осы айдың 18-і мен 24-і аралығында өтпек. Ал қазанда Қытайда ұйымдастырылатын Азиялық параойындарына 5 спортшымыз шақырту алды. Бүгін Парламент Сенатының төрағасы – Қазақстан бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев паралимпиадалық жаттығу орталығында болып, спортшылардың дайындық барысын көрді. Жаттықтырушылармен тілдесіп, алдағы дүбірлі додаларда сәттілік тіледі.

Бочча федерациясы осы жаттығуларға оңтүстіккореялық сарапшыны арнайы шақырған. Айта кетейік, паралимпиадалық бочча спорт түрі елімізде туризм индустриясын және спортты қолдау қорының үлесімен қарқынды дамып келеді. Бочча паралимпиадалық ойынымен мүмкіндігі шектеулі азаматтар 2018 жылдан бері айналыса бастады. Қазір бұл спорт түріне 200-ге жуық адам қызығушылық танытып отыр. 8 Қазақстан чемпионы бар.

Диана Молдахметова, боччадан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы:

Спортшыларымыз боччаны жаңадан игеріп жатқаннан кейін әрине, бізге қиындау болады. Бірақ біз мойынсынбаймыз. Дайындаламыз. Еліміздің, мемлекетіміздің көк байрағын желбіретеміз деген үміттеміз.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу