Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа сайланған Вьетнам президентін құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа сайланған Вьетнам президентін құттықтады

22.05.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті болып сайланған То Ламды құттықтап, жеделхат жолдады. Мемлекет басшысы оның алдағы барлық бастамасына табыс, ал достас вьетнам халқына бақ-береке тіледі. «Қазақстан мен Вьетнамды өзара сенім мен ортақ мүддеге негізделген тығыз қарым-қатынастар байланыстырады. Елдеріміздің мүддесі жолындағы көпқырлы ықпалдастықты өркендету үшін жаңа мүмкіндіктерді сізбен бірлесіп пайдалануға дайынмын», – деп жазылған жеделхатта.

Шерхан Жамбылұлы


Хабарламаларға жазылу