Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам президентімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам президентімен кездесті

21.08.2023

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам президентімен келіссөз жүргізді. Во Ван Тхыонг алыстан келген әріптесін резиденциясының алдында салтанатты түре қарсы алды.

Бұл - қазақ басшысының Ханойға алғашқы ресми сапары. Негізі ол екі ай бұрын болуы керек еді. Алайда Абай облысындағы алапат өртке байланысты кейінге шегерілген. Бұл жолы сәті түсіп келген Қазақстан делегациясы ортақ келісімдерге келуге ниетті. Сапар барысында 10-нан астам құжатқа қол қойылды. Ол екі елдің сауда, экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салаларындағы байланысты бекемдей түспек.

Биыл алты айдың өзінде екі ел арасындағы тауар айналым 600 миллион долларға жеткен. Оны алдағы уақытта миллиард долларға жеткізу көзделген. Келіссөз барысында Президент Во Ван Тхыонгты Қазақстанға сапарлап келуге шақырды. 

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу