Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президентін құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президентін құттықтады

29.10.2022

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның Республика күніне орай осы елдің Президенті Режеп Тайип Ердоғанға құттықтау жеделхатын жолдады.

«Анадолы елі – қазіргі таңда жаһандық деңгейдегі жетістіктерін бүкіл дүниежүзі мойындаған белді де беделді мемлекет» деді президент жеделхатында.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев 30 жыл бұрын Қазақстан мен Түркия арасында дипломатиялық қатынастар орнағанын, бүгінде ынтымақтастығымыз кеңейтілген стратегиялық серіктестік рухында қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.


Хабарламаларға жазылу