Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанның жаңа Президентін құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанның жаңа Президентін құттықтады

15.03.2022

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан сайланған Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовпен және Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті. Мемлекет басшысы Сердар Бердімұхамедовті Президент сайлауындағы жеңісімен құттықтап, оның аса жауапты мемлекеттік қызметіне мол табыс тіледі. Тараптар екі елдің стратегиялық ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға мүдделі екенін растады. Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедовті елімізге мемлекеттік сапармен келуге шақырды. Мемлекет басшысы Гурбангулы Бердімұхамедовпен әңгімелесу барысында оның бауырлас екі ел арасындағы достықты және өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға қосқан жеке үлесін ерекше атап өтті. Айта өтейік, Сердар Бердімұхамедов Түрікменстанда өткен Президент сайлауында 72,97 пайыз дауыспен жеңіске жеткен.

Саламат Омаш

Хабарламаларға жазылу