Әзірбайжан мен Армения Алматыда келіссөз өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әзірбайжан мен Армения Алматыда келіссөз өткізеді

29.04.2024

Қазақстан Әзірбайжан мен Арменияға келіссөздер алаңын ұсынады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров апталық брифингте мәлім етті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бакуға да, Ереванға да жасаған сапарларында осы елдер арасында ұзақмерзімді бейбітшілікті тез арада орнатудың маңызын атап өтіп, Қазақстанның келіссөз өткізу үшін алаң ұсыну арқылы көмектесуге дайын екенін мәлімдеген еді.

Айбек Смадияров, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

Шынында да, осындай келіссөздер Алматыда өтуге жоспарланып отыр. Біз Әзірбайжан мен Армениядағы әріптестерімізбен байланыстамыз. Алдағы келіссөздер тек қана екі тарап арасында жүргізіледі. Астананың делдалдығы туралы сөз жоқ екенін атап өткім келеді. Біз тек қана «Good office» деп аталатын ізгі ниет қызметтерін көрсетеміз.

Брифинг барысында Түркі мемлекеттері ұйымының Аға лауазымды тұлғалары комитетінің 43-ші және Орталық Азия елдері және Әзербайжанмен Араб экономикалық ынтымақтастық форумының 3-ші отырысы туралы баяндалды. Бұдан басқа да бірқатар ірі жиын өтуі тиіс.


Хабарламаларға жазылу