Таулы Қарабақтағы қақтығыстар басылмай тұр

14.10.2020

Таулы Қарабақтағы қақтығыстар толастар емес. Әскери шабуылдарды қайта бастады деп Армения мен Әзербайжан бір-бірін тағы айыптап жатыр. Екі тарап арасындағы келісімнің сақталмауынан бейбіт тұрғындар зардап шегуде. «Қызыл Крест» халықаралық ұйымының хабарлауынша, өңірге гуманитарлық дағдарыс төндіріп тұр. Әзірбайжан армян күштері Мартуни, Геранбой, Агдам және Тертер елді мекендерін атқылады деп кінәлады. Алайда Ереван бұл мәлімдемені жоққа шығарып отыр. Армения премьер-министрінің хабарлауынша, атыс-шабысты тоқтату туралы келісімнің бұзылуына Түркия себепкер.

Никол Пашинян, Армения премьер-министрі:
Егер Түркия бұл қақтығыстарға араласуға дайын екенін көрсетпегенде, соғыс болмайтын еді. Шабуылдар Анкара мен Бакудың бірлескен әскери оқу-жаттығуынан басталды. Түркия өз позициясын өзгертпейінше, Әзірбайжан қақтығыстарды тоқтатпайтынына сенімдімін.
Мевлют Чавушоғлы, Түркия сыртқы істер министрі:
Біз Қарабақтағы қақтығыстарды тоқтату туралы шешімді қолдаймыз. Ешкім де соғыс болғанын қаламайды. Алайда халықаралық қауымдастық Армениядан Әзірбайжан аумағынан кетуді талап етуі тиіс.
таулы қарабақ әзірбайжан армения қақтығыстар түркия

Хабарламаларға жазылу