АҚШ, Ресей, Франция: Баку және Ереванмен келіссөз жүргізуге дайынбыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ, Ресей, Франция: Баку және Ереванмен келіссөз жүргізуге дайынбыз

08.10.2020

Әзірбайжан Армения әскери күштерін Таулы Қарабақ маңындағы елді мекендерді атқылады деп айыптады. Гянджа қаласы мен жақын маңдағы аудандарға жасалған шабуылдардан бейбіт тұрғын қаза тауып, бірнеше адам жараланған. Сондай-ақ Қорғаныс министрлігі Физули ауданындағы Горадиз ауылын жау қолынан босатқанын хабарлады. Армения болса Әзірбайжан таңертеңнен бері армян позицияларын атқылап жатыр деп кінәлап отыр. Қарабақтағы қақтығысты тоқтату үшін АҚШ, Ресей, Франция Баку және Ереванмен келіссөз жүргізуге дайын. Әзірбайжан тарабы аталған мемлекет өкілдерімен бүгін кездеседі. Армения осындай кездесуді қазанның 12-де өткізуді жоспарлап отыр.

Жансая Қапасқызы 

Әзірбайжан Армения Таулы Қарабақ

Хабарламаларға жазылу