Таулы Қарабақтағы 24 ауыл Бакудың бақылауына өтті

21.10.2020

Әзірбайжан мен Армения сыртқы істер министрлері Таулы Қарабақтағы жағдайға байланысты келесі аптада Вашингтонда Мемлекеттік хатшы Майк Помпеомен кездеспек. Ал Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев Таулы Қарабақ маңындағы Зангилан қаласы мен 24 ауылдың қайтарылғанын мәлімдеді. Мұны Қарабақ күштері растап отырса, Армения Әзірбайжан армиясының шегінгенін хабарлайды. 

Баку мен Ереван қазанның 10-ы мен 18-і күндері атысты тоқтату туралы екі мәрте ымыра жариялады. Алайда сол бітімдер қайта-қайта бұзылып, тараптар қарулы жанжалдардың жалғасқаны үшін бір-бірін айыптап келеді.

Арыстан Рысбек

Әзірбайжан Армения Таулы Қарабақ

Хабарламаларға жазылу