Батыс Қазақстан облысындағы сай-салада қалған мал қауіпсіз жерге шығарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстан облысындағы сай-салада қалған мал қауіпсіз жерге шығарылды

28.04.2024

Батыс Қазақстан облысындағы Жайықтың суы біртіндеп түсіп келе жатқаны байқалады. Дейтұрғанмен Ақжайық ауданындағы бірнеше елдімекеннің іргесіне келіп тұр. Аудан әкімінің айтуынша, үй-жайға қауіп жоқ, тек сай-салада қалған мал, қауіпсіз жерге айдалып жатыр.

Есенсай ауылдық округі, Кеңсуат елді мекенінде Жайықтың жайылмасында қалған жылқылар ағын судан аман-есен шығарылды. Сондай-ақ, Бударин, Ақсуат ауылдарында да өзеннің көне арнасында қалып қойған мал қырға айдалды. Ауданда Тайпақ, Базартөбе, Қарауылтөбе, Есенсай ауылдық округтері Жайық жағасында орналасқан. Қазір, еңістегі елдімекендерде бөгет нығайтылып жатыр. Жайықтың Тайпақ гидробекетіндегі деңгейі, бір тәулікте 25 смге көтеріліп, су 6 метрге жетті. Қауіпті деңгей - 8,5 метр. Аудан әкімі Мұрат Сердалиннің айтуынша, ауылдар биікте орналасқан. Елдімекендерге қауіп жоқ. Жалпы Ақжайық ауданында тасқынға қарсы 31 шақырым бөгет салынды. Бұл іске 1000-ға жуық адам мен 160 техника жұмылдырылды.

Ардақ Мұратқызы


Хабарламаларға жазылу