Миллиардтап жауған қар түйіршіктері бір-біріне мүлде ұқсамайды

26.11.2014
Миллиардтап жауған қар түйіршіктері бір-біріне мүлде ұқсамайды

Қардың жапалақтап жаууы біз үшін үйреншікті жайт. Ал, қар мүлдем жаумайтын жерлер бар. Мысалы, тропикалық аймақтар. Алайда, климаттың өзгеруіне байланысты Кенияда 2008 жылы алғаш рет қар жауған.

Біз көбіне қарды ұсақ, жапалақтап жауған күйде көреміз. Ал, түйіршіктерін жекелей алып қарағанда, әдемі өрнек байқауға болады.

Ғалымдар қар түйіршіктерін 10 топқа жіктеген. Яғни, дөңгеленген, үшбұрышты, алты қырлы, пластинка тәріздес және т.б. Бір қызығы, миллиардтап жауған қар түйіршіктері бір-біріне мүлде ұқсамайды.

Тағы бір қызық дерек, 1969 жылы Швейцарияда  қара қар, 1955 жылы  Калифорнияда жасыл қар жауған. Антарктиданың биік тауларында қызыл түсті қар кездескен. Алайда, ғалымдар мұның құпиясын әлі таба алмай отыр.

Ал, осы қар қалай пайда болады? «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу