Шығыс Қазақстан облысында бес аудан оқушылары қашықтан оқиды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстан облысында бес аудан оқушылары қашықтан оқиды

22.01.2024

Бүгін Шығыс Қазақстан облысында 5 ауданның оқушылары қашықтан оқып жатыр. Өңірде соңғы екі тәуліктен бері ауа райы тұрақсыз. Солтүстік таулы аудандарда қар аралас жаңбырлы дауыл соғып тұр. Салдарынан қар көшкіні жиілеген. Ал оңтүстік-шығыс аудандарда жаңбыр жауды. Жолдың көбі көктайғақ. Қауіпсіздік үшін түнгі уақытта өңірдегі кейбір бағыттар бойынша жолдар жабылды.Тек таңғы жетіден бастап ашылды.

Олжас Керейхан


Хабарламаларға жазылу