Қырғызстанның 3 облысында төтенше жағдай жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырғызстанның 3 облысында төтенше жағдай жарияланды

25.04.2024

Қырғызстанның 3 өңірінде төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы елдің Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Сәуірдің 20-нан бастап бірнеше күн толассыз жаңбыр жауған. Осы аралықта 50-ге жуық сел тіркелген. Салдарынан 200-ден астам тұрғын үй мен 300 аула, бірнеше мектеп пен әлеуметтік нысандар су астында қалды. Жолдар мен көпірлерді де лай ағындары басып, қираған. Табиғи апат құрбандары бар. Бірақ әзір нақты саны белгісіз. Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Динара Жарқынбек


Хабарламаларға жазылу