Тәжік-қырғыз шекарасындағы әскери жанжал жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәжік-қырғыз шекарасындағы әскери жанжал жалғасып жатыр

17.09.2022

Тәжік-қырғыз шекарасындағы жағдай әлі де қауіпті. Соңғы мәліметке қарағанда, онда қарулы қақтығыс жалғасып жатыр. Кеше екі елдің президенттері атысты тоқтатуға келіскен еді. Алайда әскери жанжал қайта басталған.

Бүгін Қырғызстанның Баткен облысында төтенше жағдай жарияланды. Мұнда 24 адам қаза тауып, Тәжікстанмен шекаралас елді мекендерден 136 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Жараланған 100-ден астам адамның ішінде жауынгерлер де, бейбіт тұрғындар да бар.

Ресми Душанбе мерт болғандар туралы мәлімет таратқан жоқ. Бірақ кейбір деректерге қарағанда, Тәжікстан қақтығыстан жұма күні 7 адам жоғалтқан.

Тәжікстанның Соғды облысы әкімшілігінің мәлімдеуінше, бүгін шекарадағы шиеленіс жеңілдеп, өткен түні айтарлық қақтығыс болған жоқ.

Айта кетсек, тәжік-қырғыз шекарасының ұзындығы - 980 шақырым. Соның жартысына жуығы әлі келісілмеген және белгіленбеген.

Хабарламаларға жазылу