Дубайда су тасқынының фото-видеоларын таратқандарға айыппұл салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дубайда су тасқынының фото-видеоларын таратқандарға айыппұл салынады

24.04.2024

Біріккен Араб Әмірліктерінің басшылығы Дубайдағы тасқын зардабы туралы фото және видеороликтер таратқандарға ірі көлемде айыппұл салынатынын ескертті. Бұл туралы Gistmania.com. порталы жариялаған.

Әмірліктердің ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, апат туралы жағымсыз суреттер елдің беделіне нұқсан келтіріп, халық арасында дүрбелең туғызуға себеп болуы мүмкін. Сондықтан оларды жариялағандар үшін түрмеге отырғызу және 1 миллион дирхам немесе 121 миллион теңге айыппұл қаралған.

Айта кетейік, Әмірліктерде сәуірдің 16-да құйған жауын соңы алапат тасқынға ұласып, жолдарды су басып, ондаған әуе рейсі доғарылған еді.

Хабарламаларға жазылу