#МеніңТәуелсіздіккеүлесім атты спорттағы жетістіктер акциясы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

#МеніңТәуелсіздіккеүлесім атты спорттағы жетістіктер акциясы басталды

22.02.2021

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай әлеуметтік желілерде #МеніңТәуелсіздіккеүлесім хэштегімен спорттағы жетістіктер акциясы басталды. Бұл челленджді Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырып отыр.

Акцияға спорт саласына өз үлесін қосып жүрген кез келген азамат қатыса алады. Аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен қатысушылары да #МеніңТәуелсіздіккеүлесім хэштегімен фото-видеоларын жүктей бастады. 4 сағат бұрын жарияланған челлендж 200-ге жуық әлеуметтік желі қолданушыларынан қолдау тапқан.

Ақниет Балтанова


Хабарламаларға жазылу