Жалған ақпарат таратқандарға айыппұл салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жалған ақпарат таратқандарға айыппұл салынады

14.06.2023

Жалған ақпарат таратқандарға айыппұл салынады. Әлеуметтік желідегі буллингті бақылауға арналған заң Мәжілісте мақұлданып, сенатқа жолданды. Құжат онлайн-платформалардың жұмысын жүйелеп, саланы мемлекеттік реттеудің негіздерін қалыптастырады. Жалған ақпаратты орналастыратын немесе тарататын онлайн- платформалардың пайдаланушылары үшін – 20 айлық есептік көрсеткіш, ал кәсіпкерлік қызметпен айналысатын блогерлер үшін 40 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл енгізіледі.

Ерлан Саиров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Заңның міндеті әлеуметтік желіде буллинг, келеңсіз факторлер, қаржы перамидаларынан азаматтарды қорғай отырып, елімізде саяси сепаратизм мен экстремизмнің алдын алу. Аталған заң жобасының басты новеллаллары онлайн платформаларды реттеудің халықаралық стандарттарына сәйкес келеді.

Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу