Қ.Бишімбаев телефонының кодын айтудан бас тартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қ.Бишімбаев телефонының кодын айтудан бас тартты

18.04.2024

Әйелін азаптап өлтірді деп айыпталған бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы аяқталуға жақын. Бұл туралы судья Айжан Көлбаева бүгінгі сот процесінің соңында мәлімдеді.

Бүгінгі тыңдалымда айыпталушы Байжановтың, куәгерлердің телефондары тексеріліп, хаттары оқылды. Бишімбаевтың үй тазалаушысы болып істеген қызметкер, Байжановқа есеп беріп, пәтердегі еден мен қабырғалар қанға боялғанын айтқан. Оған қоса, фотоайғақтар да жіберіпті.

Сондай-ақ, Байжанов оқиға күні көмек сұрап қоңырау шалған дәрігер куәлік берді. Ол жұмыста болғандықтан, сол сәтте көмекке келе алмағанын түсіндірді. Ал Бишімбаев телефонының кодын айтудан бас тартты. Тек қорғаушыларына ғана айтатынын жеткізді. Келесі сот отырысы 22 сәуірге жоспарланды.


Хабарламаларға жазылу