«Ashyq» мобильді қосымшасымен орталықтар қайта ашылып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ashyq» мобильді қосымшасымен орталықтар қайта ашылып жатыр

04.03.2021

Елордада 6 компьютер клубы «Ashyq» мобильді қосымшасымен жұмыс істеуден бас тартты. Орталықтар түнде жабық болғандықтан QR-кодын алу тиімсіз. Ал, жалпы жүйені енгізу кәсіпкерлердің өз еркінде. Біра, күндіз істейтін бизнес нысандары бағдарламаның пайдасын көріп отыр. Қалада сынақ кезеңінде 39 орталық «Ashyq» жобасымен қайта ашылды. Бұл қауіпсіздікті сақтауға сеп. Бүгін құзырлы орган өкілдері бильярд, караоке, жүзу бассейні және боулингтерді аралап шықты. 

Мейіржан Жанғожин, боулинг орталығының басшысы:
Біз үшін бұл үлкен мүмкіндік, себебі жұмыс істемегеннен гөрі, осындай жеңілдіктермен жұмыс істеген біз үшін қолайлы. Кешегі қызмет көрсеткен 30 адамның барлығында көк түс болды. Яғни, көк дегеніміз еш жерде учетта тұрмайды деген сөз.  

Қуанышбек Мұқаш, Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары:
Кәсіпкерлерге қандай мүмкіндік береді? Мысалы, біз «қызыл» аймақта болсақ, онда бұлар «сары» аймақтағы шектеулермен жұмыс істей алады. Сенбі-жексенбі күні рұқсат етілмесе, жұмыс істеуге «сары» түсті аймақта рұқсат етілген. 

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу