Түркияда коронавирус жұқтырған алғашқы адам анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда коронавирус жұқтырған алғашқы адам анықталды

11.03.2020

Жақында ғана Еуропадан келген ер адамды тексеру кезінде оның қанынан вирус табылған. Бұл ақпаратты елдің Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа растады. Қазір ауру анықталған адам оқшауланып, арнайы ауруханаға жатқызылды. Оның туған туыстары мен жақын араласқан кісілері де карантинге алынды. Алайда министр науқастың елдің қай өңірінде анықталғанын, және қай ауруханаға жатқызылғанын дәрігерлік құпия ретінде айтудан бас тартты.

Айдос ӘШІМҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу