Түркияда коронавирус жұқтырған алғашқы науқас тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда коронавирус жұқтырған алғашқы науқас тіркелді

11.03.2020

Түркияда коронавирус жұқтырған алғашқы адам анықталды. Жақында ғана Еуропадан келген ер адамды тексеру кезінде оның қанынан вирус табылған. Бұл ақпаратты елдің Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа растады. Қазір ауру анықталған адам оқшауланып, арнайы ауруханаға жатқызылды. Оның туған туыстары мен жақын араласқан кісілері де карантинге алынды. Алайда министр науқастың елдің қай өңірінде анықталғанын, және қай ауруханаға жатқызылғанын дәрігерлік құпия ретінде айтудан бас тартты.  

Айдос ӘШІМҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу