«Егемен» газеті Елбасының «Ұлы дала ұлағаттары» атты жаңа кітабын жариялай бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Егемен» газеті Елбасының «Ұлы дала ұлағаттары» атты жаңа кітабын жариялай бастады

21.09.2016
«Егемен» газеті Елбасының «Ұлы дала ұлағаттары» атты жаңа кітабын жариялай бастады

Биыл еліміз өз Тәуелсіздігінің ширекғасырлық мерейлі белесін атап өткелі отыр.

Осы орайда, егемендігіміздің елең-алаңынан бері оны табысты басқарып, Тәуелсіздігіміздің туын тіктеп, іргетасын бекемдеген Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың саясаткерлік дарынына қоса, оның қаламынан шыққан кітаптар да әрдайым осы сындарлы 25 жылдың жылнамасы болып келеді.

Қазақстан басшысының әр кітабын тек өз отандастарымыз ғана емес, әлем жұртшылығы да елеулі жаңалық ретінде қабылдайды.

Таяуда Мемлекет басшысы «Ұлы дала ұлағаттары» деген атаумен өзінің жаңа туындысын тәмамдап, баспаға ұсынғаны туралы сүйінішті хабар тараған еді.

Жаңа еңбек енді «Егемен Қазақстан» газетінің бетінде жарияланбақ.

Президент бұл еңбегінде ел мен жердің тарихы және тағдыры, әлемнің және қоғамның дамуы, жас буынның алдында тұрған келелі міндеттер, жаһандық мәні бар мәселелер туралы өзінің пайымдаулары мен ой-толғамдарын күллі адамзаттық құндылықтармен сабақтастыра отырып баяндайды.

Бұл еңбек – еліміздің 25 жылдық торқалы тойына толымды тарту екені сөзсіз. Ал, оны оқырмандарға алдымен жеткізуді еліміздің бас басылымы зор мәртебе санайды.

Оқуға қолайлы болу үшін жаңа туындының мәтіні 3-4 беттерде арнайы кітапша ретінде ұсынылып отырмақ. 

Хабарламаларға жазылу