«Егемендік және Елбасы» фотокөрмесінің ашылу салтанаты өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Егемендік және Елбасы» фотокөрмесінің ашылу салтанаты өтті

09.12.2021

"Егемендік және Елбасы". Нұр-Сұлтан қалдасында осындай атаумен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған фотокөрменің ашылу салтанаты өтті. Оған белгілі фотожурналистердің түсірген, егемендіктің алғашқы жылдарынан бастап, бүгінге дейінгі кезеңді қамтыған фотосуреттер қойылған. Тәуелсіздік жылдары ел тарихына жазылған айтулы оқиғалар мен айшықты сәттер , Елбасы қызметінің маңызды мезеттері де фотообьективке ілінген. Сондай-ақ, шара аясында «Ел және Елбасы» деп аталатын кітаптың тұсаукесері өтті. Төрт бөлімнен тұратын жинаққа «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған, Елбасының тұлғалық қырлары мен тәуелсіздік тарихынан сыр шертетін мақалалар топтастырылған.

Қуаныш Сұлтанов, Мемлекет және қоғам қайраткері:

Егемен Қазақстан газеті осы Тәуелсіздігіміздің ең алғашқы шежірелерінің бірі. Соның көрнісі Егемен Қазақстанға жарияланған егемендік туралы, тәуелсізідік туралы бір тобын топтап, ел және Елбасының еңбегін көрсететін құнды мақалалар шыққан екен. Қалай болд, не болды соның бәрі дерек көзімен жазылған.


Хабарламаларға жазылу