Астанадағы әскери шеруге 70-тен астам әуе техникасы қатыстырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы әскери шеруге 70-тен астам әуе техникасы қатыстырылады

05.05.2014
Астанадағы әскери шеруге 70-тен астам әуе техникасы қатыстырылады
7-мамырда Астанадағы әскери шеруде 70-тен астам әуе техникасы қатыстырылады. Бұл туралы  ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы Мұрат Майкеев мәлiмдеді.
 
«Әскери шеруге 2,5 мыңнан астам адам,  250 техника мен 75 әуе техникасы жұмылдырылады. «Шеру - бiздiң әскери қуатымызды көрсету, жастарымыздың патриоттық сезiмдерiн күшейту және рухымызды көтеру»,  деп атап өттi ол.
 
Сондай-ақ, шеруде отандық техника да көрсетілмек. Қорғаныс министрлігі әскери шеруге 100 пайыз дайын.
 
Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу