Қ.Бишімбаевтың соты: Байжановтан жауап алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қ.Бишімбаевтың соты: Байжановтан жауап алынды

11.04.2024

Астанада аты шулы іс бойынша сот отырысы жалғасты. Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың адвокаттары Назкен Құсайынова мен Ләйлә Рамазанова процеске уақытында келмегені үшін, ішке кіре алмады. Судья оларды үзілістен соң залға кіргізді. Сондай-ақ, Айжан Құлбаева тыңдалымға шақырылмаған куәлардың айғақтарын оқуға рұқсат берді. Сондықтан, Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов істі басқа судьяның қарауын талап етіп, Алқабилер мен сот төрағасы залдан шығып кетті. Тікелей эфир уақытша тоқтап, бірер сағаттан соң қайта іске қосылды. Мұнан соң қылмысты жасырды деп айыпталған Бақытжан Байжановтан жауап алынды. Ол сол күні оқиғаның қалай өрбігенін баяндады. Айыпталушы, алдымен, қазаға қайғыра көңіл айтып, марқұмның және өзінің жақындарынан кешірім сұрады. Сондай-ақ оқиға болған күні Салтанат Нүкенованың қайтыс болғанын сезбедім, жағдайдың күрделі екенінен бейхабар болдым деп сендірді.

Динара Жарқынбек


Хабарламаларға жазылу