Алматыдағы автобус апаты: Жәбірленушілерден жауап алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы автобус апаты: Жәбірленушілерден жауап алынды

26.03.2024

Алматыда жол бойындағы бір топ адамды қағып кеткен автобус апатына қатысты іс сотта қаралып жатыр. Алатау аудандық сотында өтіп жатқан 3-ші отырыста тағы да куәгерлер мен жәбірленушілер тыңдалды. Отырыста куәгер ретінде танылған екі адам көргенін баяндап берді. Автопарк басшысының орынбасары автобуста 6 камера орнатылғанын, оның тек төртеуінде бейне жазылғанын айтты. Бұл істе әлі де тыңдалатын куәгерлер бар. Сондықтан судья келесі сот отырысын 3-ші сәуірге шегерді. Ал жүргізушіні ұрған жігітке қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айып тағылып отыр. Ол кінәсын толық мойындаған.

Еске салайық, 22 желтоқсанда автобус аялдамадада тұрған бір топ адамды қағып кеткен болатын. Қоғамдық көлікте жанжал туып, жолаушы жүргізушіні соққыға жыққан. Жүргізуші әйел есінен танып, рөлге ие бола алмаған. Соның салдарынан оқиға орнында үш адам қаза тапқан болатын.

Хабарламаларға жазылу