Дағыстандық азамат Атырау халқына көмектесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дағыстандық азамат Атырау халқына көмектесті

11.04.2024

Дағыстан тұрғыны тасқынмен күресіп жатқан атыраулықтарға 50 мың дана қап әкелген. Көрші елдің азаматы Омарасхаб Ахмедов Атырауда бірнеше күн бөгет салуға көмектесіп, өзімен бірге тағы ададар алып келу үшін еліне қайтқан. Бірнеше күннен кейін таныстары, достары мен еріктілерді жинап, гуманитарлық көмек жеткізуді жоспарлап отыр. Біз онымен тілдескен едік, сұхбатқа назар салсақ.

Омарасхаб Ахмедов, Дағыстан азаматы:

Мен Қазақстанда тасқын болып, үйлердің суға кетіп жатқанын естідім. Бауырлас ел қиындыққа тап болғанда қалай қарап отырамын? Танысымның қоймасына барып, біршама қап алып, көлікпен жолға шықтым. Бір тәулік жол жүріп, Қазақстанға жеттім. Қаптарды бөгет салып жатқандарға үлестіріп, өзім де аздап көмектестім. Алдағы бірнеше күнің көлемінде қасыма тағы адамдар алып, гуманитарлық көмекпен келеміз. Амандық болсын, бауырлар!

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу