Қостанай облысында өрттен жапа шеккен отбасы баспаналы болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында өрттен жапа шеккен отбасы баспаналы болды

18.04.2022

Өрттен жапа шеккен отбасы баспаналы болды. 31-наурыз күні Қостанай облысы Амангелді ауылындағы үйден өрт шыққан. Соның салдарынан көпбалалы жанұяның үш бірдей бүлдіршіні көз жұмды. Ата-анасы дипломмен ауылға бағдарламасы бойынша елді мекенде еңбек етіп жүрген. Қайғы жұтқан жандарға қолдау көрсету үшін «Қазақстан халқына» қоры 10 миллион теңге бөліп, үй сатып алуға көмектесті. Негізінде қор бұл мақсатқа қаражат бөлмейді. Алайда осы оқиғаға байланысты шұғыл түрде шешім қабылданып, көмек көрсету ұйғарылған. 

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу